Түркістан облысында балшық массасында тұрып қалған көліктен бес адам құтқарылды. Олардың арасында кәмелетке толмаған екі бала бар, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін Түркістан облысы, Ораңғай ауылының маңында балшық массасында тұрып қалған жеңіл автокөліктен 5 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Олар Қызылжол ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет емес.", – деп жазылды хабарламада.