Русский Сайттың толық нұсқасы

Ертіс өзенінде мұз жарылып, 11 жастағы баланы ағыс алып кетті

  • AstanaTV
  • 22 наурыз 2024
  • 293

Ертіс өзенінде ШҚО ТЖД қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, 11 жастағы балалар су қоймасының жанында ойнап, мұз үстіне шыққан. Нәтижесінде мұз бөлініп, жағадан 3 метрге жүзіп кеткен.

«Құтқарушылар Смағұлов Шыңғыс пен Тұрғанов Ринат хабарлама алып, дереу көмекке аттанды. Оқиға орнында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, құтқару арқаны арқылы жағаға аман-есен жеткізді. Балаларға медициналық көмек қажет болмады», - делінген хабарламада.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға және мұздағы барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.