Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда екпе алмаған жасөспірімдер арасында көкжөтел өршіп тұр

  • AstanaTV
  • 22 наурыз 2024
  • 306

Алматыда биыл екі айдың ішінде 14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар арасында көкжөтелдің 15 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, ошақтарда байланыста болған 208 адам тексерілді, нәтижесі - теріс.

Байланыста болғандарға емхана медицина қызметкерлері медициналық бақылау жасайды.

Өткен жылы 14 жасқа дейінгі вакцина алмаған балалар арасында көкжөтелдің расталған 5 жағдайы тіркелген.

«Көкжөтелден қорғанудың жалғыз жолы – вакцина алу. 2, 3, 4 және 18 айлық балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, «В» гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы бір мезгілде кешенді вакцина егіледі. Бұдан әрі 6 жастағы балаларға АбКДС күшейткіш дозасы салынады», - деп хабарлады қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.