Русский Сайттың толық нұсқасы

Шарын өзені маңында адасып кеткен адамдар құтқарылды

  • AstanaTV
  • 22 наурыз 2024
  • 859

22 наурызда Ұйғыр ауданында 7 адам демалмақ болып, Шарын өзенінің жағасына шыққан. Алайда олар адасып басқа жерге барып, қайтып өз беттерінше орала алмаған.

Төтенше жағдайлар департаменті республикалық жедел құтқару жасағының 20 қызметкері 5 техникамен шығып, адамдарды эвакуациялады және олардың көліктерін де шығарды.

Құтқарылған адамдар медициналық көмек қажет етпеді, - делінген хабарламада.