Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұзда балық аулауға шыққан екі адам көлікпен мұз астына түсіп кетті

  • AstanaTV
  • 23 наурыз 2024
  • 704

Қайғылы оқиға кеше кешке болған. Көлік жағадан шамамен 700-800 метр жердегі мұз ойығына құлап кеткен.

Оқиға Екібастұздың ГРЭС-2 стансасы аумағында, «Шандықсор» жасанды су қоймасында болған. 1978 және 1976 жылғы екі ер адам балық аулауға шығып, жеке көлікпен мұз астына түсіп кеткен.

«22 наурыз күні сағат 20:33-те Екібастұз қаласы маңындағы «Шандықсор» су қоймасында екі адамның жеке көлікпен мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама тіркелді. Олар балық аулауға шыққан, жағадан шамамен 700-800 метр ұзағанда мұз ойылып, көлік су астына кеткен. Олардың Павлодар қаласынан келгендігі анықталды», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.