Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдегі теракт құрбандарының саны 133-ке жетті

  • AstanaTV
  • 23 наурыз 2024
  • 737

Ресейдің ТЖМ «Крокус Сити Холлда» қаза тапқан құрбандардың болжамды тізімін жариялады. Құжатта әзірге тек 13 адамның аты-жөні жазылған, - деп жазды KAZINFORM.

ТЖМ аталған тізім Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сай жасалғанын хабарлады. Тізім әлі де толығуы мүмкін. 

РФ Тергеу комитеті теракт салдарынан ажал құшқан құрбандардың саны 133 болғанын хабарлады.  

Ресейдің ТЖМ мамандары «Крокус сити холл» ғимаратындағы үйінді астынан іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 63 куб метр конструкция бөлшектеніп, тазаланды. Арнайы робот техниканың жұмылдырылуымен өрт ошағы іздестіріліп жатыр.