Русский Сайттың толық нұсқасы

Испанияда Telegram уақытша бұғатталды

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2024
  • 982

Испанияның Жоғарғы соты Telegram мессенджерін медиакомпаниялардың контентті рұқсатсыз жүктеп беретіні үшін арыздануына байланысты Telegram-ды бұғаттады. Бұл туралы Reuters хабарлады, - деп жазды  KAZINFORM.

Испанияда Telegram жұмысы Atresmedia, EGEDA, Mediaset және Telefonica компанияларының өтінішіне сәйкес, уақытша 25 наурызға дейін тоқтатылды. 

Судья Сантьяго Педрас талап-арыз тексерілгенше, Telegram-ның қызметін тоқтатуға келісімін берді. Соттың хабарлауынша, мессенджердің жұмысын бұғатттау мобильді байланыс операторларына жүктелген. CNMC антимонополиялық ведомствоның мәліметінше, Telegram Испаниядағы танымалдылығы жағынан төртінші орындағы сервис. Оны испандықтардың 19% пайдаланады.