Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда алимент берешегі бар адам ұлының оқу ақысын төлейтін болды

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2024
  • 674

 Атырауда алимент берешегі бар ер адам ұлының оқу ақысын төлеуді міндетіне алды, - деп жазды KAZINFORM.

Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкесінен ұлының оқу ақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы Д. мен жауапкер С. арасындағы заңды неке бұзылған. Ерлі-зайыптылар ажырасқан соң кәмелетке толмаған жасөспірім ұлы анасымен бірге тұрған. 

«Баланың анасы талап арызында ортақ ұлының Атырау жоғарғы медициналық колледжінің күндізі бөлімінде ақылы негізде оқитынын көрсеткен. Алайда, әкесі алимент бойынша міндеттемелерін өз еркімен орындамаған. Осыған байланысты талап қоюшы жауапкер С.-дан ортақ ұлын оқытуға жұмсалған соманың жартысын өндіруді сұрады», -деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сотта тараптарға татуластыру рәсімінің тиімділігі түсіндірілген. Соның нәтижесінде тараптар медиациялық келісімге келді. Келісім шартына сәйкес жауапкер әке ұлына оқу ақысын төлеуді міндетіне алды. 

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.