Русский Сайттың толық нұсқасы

Күн күрт жылынып, су тасқыны болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2024
  • 837

"Қазгидромет" күннің жылынуына байланысты қардың күрт еріп, тасқын болуы мүмкіндігін ескертеді.

Әсіресе еліміздің солтүстік өңірінде күннің жылынуына байланысты қардың еруі күшейіп, жолдар мен елді мекендерді су басуы мүмкін.

Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр, тұман, желдің күшеюі болжанып отыр.

Еліміздің батысында, оңтүстікте, шығысында, жаңбыр жауады. Астанада тұман түседі.