Русский Сайттың толық нұсқасы

Майкл Джексонның кенже ұлы әжесін сотқа берді

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2024
  • 3292

Майкл Джексонның 22 жастағы ұлы әжесін сотқа берді. Ол әкесінен қалған мұра қаражатты әжесінің сот дауына жұмсауына тыйым салуды талап етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің кенже ұлы Бланкет Джексонның 93 жастағы әжесі Кэтриннің сот дауына мұрадан қалған ақшаны жұмсауына тыйым салғысы келетіні белгілі болды. Атақты әншінің заңгерлері Джон Бранка мен Джон Макклейн поп-жұлдыздың материалдарын сатып жіберген. Бірақ әншінің анасы Кэтрин бұған қарсы болып, көзі тірі болса ұлының музыкалық каталогын сатпасын айтты. Осылайша, ақпан айында Sony Майкл Джексонның әндерінің тең жартысының құқығын 600 миллион долларға сатып алды.

Сот аталған сатылымға қатысты дау-дамайда заңгерлердікі дұрыс екенін айтты, бірақ әншінің анасы соттың бұл үкіміне шағым түсіргісі келеді. Бір қызығы, Бланкет бастапқыда әжесін қолдап, аталған мәмілеге қатысты бірнеше рет теріс пікірін білдірген. Алайда, әжесі сот үкіміне шағымданатын кезде, жас жігіт райынан қайтқан.