Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 4 жасар бала ауыл маңындағы сайға жиналған суға батып кетті

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2024
  • 652

Қайғылы жағдай Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті ауылында тіркелді. Ойнап жүрген бала құлап, су жұтып қойған.

Оқиға бүгін сағат 13:00 шамасында тіркелді. 

- Ебейті ауылының жанында Ебейті сайы бар. Оған қар суы жиналып жатыр. Бүгін 2020 жылы туған 4 жасар бала суға батып, қайтыс болды. Балалар сол маңда ойнаған,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оның жанында болған тағы бір бала дін аман. Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпеновтің айтуынша, сай ауылдан 150 метр жерде орналасқан, тереңдігі шамамен 10-15 см болады. Ол жерде ауылдағы ағайындалардың балалары барып ойнаған. Ебейті ауылы су басу қаупі бар ауылға жатпайды.