23-24 наурыз аралығында отандық сейсмологтар Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай аумақта төрт афтершокты тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қайталанған төрт жер асты дүмпулерінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығыс бағытында 250-280 шақырым жерде, яғни қаңтар айындағы қатты жер сілкінісі тіркелген орында болды.
Алғашқы жер асты дүмпуі 23 наурызда сағат 02:03-те тіркелді. Оның ошағы Алматыдан 254 шақырым қашықтықта орналасқан: энергетикалық класы - 11.2; магнитудасы - 4.3; тереңдігі - 10 км.
Екіншісі 23 наурызда сағат 06:41-де болды. Оның ошағы Алматыдан 262 шақырым қашықтықта орналасқан: энергетикалық класы - 12; магнитудасы - 5.2; тереңдігі - 10 км.
Үшінші афтершок 23 наурызда сағат 08:45-те тіркелді, ошағы Алматыдан 260 шақырым қашықтықта орналасқан: энергетикалық класы - 10.6; магнитудасы - 4.9; тереңдігі - 10 км.
Төртінші, соңғысы 24 наурызда сағат 11:15-те болды. Ошағы - Алматыдан 280 шақырым қашықтықта орналасқан: энергетикалық класы - 9.7; магнитудасы - 4.3; тереңдігі - 10 км.
Айта кетсек, соңғы қатты жер сілкінісі Алматыда 4 наурызда сағат 11:22 шамасында болды. Ол кезде мамандар 5 балдық жер сілкінісін тіркегенін хабарлады.