Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жаңбыр, көктайғақ". Еліміз бойынша 25 наурызға арналған ауа райы болжамы

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2024
  • 914

"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 25 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР-дың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, солтүстік өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Еліміздің тек батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстанның барлық өңіріне тұман көрініс тауып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал".

"Қазгидромет" РМК