Танымал қазақстандық актер Жахан Отарғалиев балалы келіншекке үйленуге қатысты ойын айтты. Бұл туралы ол өзі берген сұхбаттардың бірінде мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жахан Отарғалиев Instagram-дағы парақшасында продюсер Зарина Мүслімге берген сұхбатының үзіндісін жариялады. Ол видеоның сипаттамасында "Барлық адам бақытты болуға лайықты", - деп жазған.
"Есіңде ме, осыдан 5 жыл бұрынғы сұхбатта сенен "баласы бар келіншекке үйленер ме едің?" деп сұрадым. Сол кезде сен "жоқ" деп сенімді айттың. Қазір ойың өзгерді ме?", - деп сұрады жүргізуші Жахан Отарғалиевтен.
"Қазір өзгерді. Қазір қанша баласы болса да, ұнатып, жақсы көріп тұрсам алатын едім. Ол кезде сондай адам болды, бірақ қорқыныш болды", - деді актер.
Видеоны көрген оқырмандар Жахан Отарғалиевке жылы сөздер айтып, балалы болуына тілектестік білдірген.