Русский Сайттың толық нұсқасы

Аягөзде төтенше жағдай жарияланды

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2024
  • 1050

ТЖМ Аягөз ауданындағы жол төсемінің шайылуы туралы ақпарат таратты.

Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті.Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы жоқ. ПД қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырды.

Халықты Аягөз өзені арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді.

Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жариялады.