Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда коммуналдық кәсіпорын 5 мың теңгеге сатылды

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2017
  • 2894

Оралда "Тұрғын үй Орал" коммуналдық мекемесі 100 теңгеге бағаланып, небары 5 мың теңгеге сатылды. Қалалық қаржы бөлімінен хабарлағандай, мекеме жекешелендіру бағдарламасы аясында жекенің меншігіне өткен. Сондай-ақ қала тазалығымен айналысатын "Орал Таза сервис» 333 млн теңгеге және "Жайық Жарығы» серіктестігі 91 млн теңгеге сатылыпты. Қала қазынасына 425 миллион теңге түскен. Алдағы үш жылда тағы 15 мекеме сатылмақ. Қалалық қаржы бөлімінің өкілдері оларды жергілікті компаниялар сатып алғанын айтады. Жекешелендірілген мекемелер он жыл бойы өздерінің жұмыс бағытын өзгертпей, бұрынғыдай жалғастыра береді. Егер ауытқушылықтар болса, мемлекет өзі реттеп отырады.

Нұрлан Шүкірғалиев, Орал қалалық қаржы бөлімінің басшысы:

"Тұрғын үй Уральск" геодезиялық-топографиялық жұмыстармен айналысады. Ол 5000 теңгеге сатылды, арзанға сатылған себебі - қарыздары болды 2 миллиондай. Сол себептен 5 мыңға сатылып кетті. Келісімшартта бәрі қарастырылған. Өздерінің жұмыстарын дұрыстап жасамаса, сот шешімімен келісімшартты қайта бұзуға болады.