Бұқтырма өзеніндегі кептелістің алдын алу мақсатында Катон-Қарағай ауданы Барлық ауылында жару жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмысты ЖАО, қауіпсіздікті қамтамасыз еткен құтқарушылар және мамандандырылған ұйым жүргізді. Біздің міндетіміз – кептелістерді болдырмау және су деңгейінің күрт көтерілуінің алдын алу. Жару жұмыстарының жалпы ауданы 7800 текше метр.