Енді иппотерапиялық балалар «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешеніне онлайн кезекке тұра алады. Цифрландыру бағдарламасы 1-сәуірден бастап іске қосылады. Бұл әсіресе, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы болмақ. Жаңа бастама Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және цифрландыру басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Астанада жеті мыңнан астам ерекше бала бар. Оның мыңға жуығы денсаулығы бойынша және дигнозына сәйкес иппотерепиямен айналысуы қажет. Осы мақсатта «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешені былтыр бой көтерген. Келушілердің қатары көбейгендіктен, енді жаңа жүйе іске қосылмақ. Нәтижесінде қызмет сапасы жақсармақ.
Аманжол ХАСЕНОВ, "АРҒЫМАҚ" АТ-СПОРТТЫҚ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ МКҚК БАСШЫСЫ:
Бұл платформа бір жағынан тұрғындарға ыңғайлы болса, екінші жағынан қызмет көрсету процессі ашық көрінеді. Яғни жемқорлыққа жол берілмейді. Онлайн тапсырыс берумен қатар, бұрынғыдай қабылдау жалғаса береді. Түрлі себептермен онлайн тапсырыс бере алмағандар сауықтыру кешені ғимаратына келіп, қызметке жүгіне алады.
Орталықта үйретілген 20-ға жуық ат бар. Арнайы жаттықтырушылар тегін қызмет етеді. Бір бала кем дегенде жылқыға жарты сағат мінеді. Бұдан бөлек ақылы қызметте көрсетеледі.
Азамат АҒЗАМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Бұл кешен мысалы бізде жан-жақты балалар иппотерпиямен айналысу үшін. Кейбір жеке меншік ат қораларға барып жұмыс жасайды. Мысалы мұнда өзінің инструктурлары, жаттықтырушылары бар. Сосын тез қол жетімді. Қаланың цифрландыру аясы ішінде оңайлату әдісі ғой.
Мамандардың айтуынша иппотерапиялық балаларды үйретілген атпен жүру арқылы оңалтады. Сондай-ақ баланың психикасына, денесіне биохимиялық әсере етеді дейді. Айта кетейік, қызметалушы өзі таңдаған қызмет түрлеріне алдын ала тапсырыс беріп, үш жұмыс күні ішінде жауап ала алады.