Ішкі
істер министрлігі тіркеуге тұрғандар бойынша мәліметтерді жариялады. Қаңтардың
жетісі мен он тоғызы аралығында 348 мың 521 адам уақытша тіркеуге тұрған. Астана қаласы бойынша тіркеуге тұрғандар саны
39221 адам. Олардың ішінде 158 мыңға тарта азамат тұрғылықты мекен-жайы бойынша
тіркелген. Уақытша мекен-жайда тіркеуге тұрған адамдардың саны 190 мыңнан
асады.