Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыру процесі басталғанын айтты.
«Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде лудоманияға тәуелділікке қарсы күрес туралы заң жобасын Парламенттің ағымдағы сессиясы аяқталғанға дейін қабылдануы тиіс екенін айтты. Бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заң жобасының, сондай-ақ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулердің таныстырылымы өтті. Жобаны AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев таныстырды», - деп атап өтті Ерлан Қарин.
Айтуынша, парламентарийлердің бастамасымен әзірленген заң жобалары халықты ойынға тәуелділіктен қорғауға қорғауға бағытталған.
«Заң жобасын талқылауға бұл мәселені қоғамдық ортада бірінші болып жандардырған Парламент депутаттары да, Ұлттық құрылтай мен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері де қатысқанын айта кеткен жөн», - деді Ерлан Қарин.