Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2024
  • 955

Ақтөбе облысындағы Қауылжыр станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлауынша, қазір Қауылжыр станциясында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді.

"27 наурызда сағат 09.28-де Шалқар – Жем учаскесінің Қауылжыр станциясында 58 вагоннан тұратын жүк пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жедел қалпына келтіру пойыздары жіберілді. Арнайы комиссия рельстен шығып кету себептерін тексереді", - делінген "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ хабарламасында.