Русский Сайттың толық нұсқасы

Балалар колониясын Білім және ғылым министрлігіне беру ұсынылды

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2017
  • 3883

Әділет министрі Марат Бекетаев Ішкі істер министрлігінің қарауындағы аса ауыр қылмыс жасаған балаларға арналған мектепті Білім және ғылым министрлігіне беруді ұсынды. Айтуынша, колонияда отряд бастықтары жиі ауысады. Яғни ересектермен жұмыс істегендер келесі күні балалардың тәртібіне қарап жүреді. Бұндай қадам дұрыс емес дейді.

Ал білім министрлігіндегілер Бекетаевтың ұсынысын қолдамады. Республика бойынша жалғыз мектепке аса ауыр қылмыс жасаған балалар жеткізіледі. 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді бақылау босаңсымауы керек, - деді балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы.

Забира Оразалиева, ҚР БҒМ балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы: 

Бұл мектепті ішкі істер министрлігінен білім және ғылым министрлігіне беру  туралы мәселе бірнеше мәрте Үкімет деңгейінде талқыланған. Қазір сарапшылар мектепті Ішкі істер министрлігіне қалдыруға шешім шығарды. Ол жерде аса ауыр қылмыс жасаған балалар орналастырылған. Осындағы ерекше режімді Білім министрлігі қамтамасыз ете алмайды. Онда тиісті қадағалау мен күзет шаралары ескерілмей қалуы ықтимал.