Русский Сайттың толық нұсқасы

Кентау Назарбектің "Қазағым жаса мәңгілік" атты авторлық ән жинағы жарыққа шықты

Әнші, композитор Кентау Назарбектiң "ҚАЗАҒЫМ, ЖАСА МӘҢГІЛІК" атты авторлық ән жинағының тұсауы кесілді. Жинаққа сазгердің осы уақытқа дейін жарық көрген әндері топтастырылған. Алпысқа жуық әннің, соның ішінде халық көкейінен шыққан «Бір бәйтерек, бір шынар» атты әннің авторы бүгінде шығармашылық өрлеу шағында. Хакім Абайға арнап ән жазған тұңғыш композитор. 

 Кентау НАЗАРБЕК, ӘНШІ, КОМПАЗИТОР:

35 жылдан бері ән жазып жүрмін, сондағы 270 әннің соның 72-сі кіріп отыр нотасымен. Ең басты мәселе осы ән жинағым қазағыма сүбелі үлес қосса руханиятына деген мақсатта.

.Серік ӘБДІРАХМАНОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Кентау ініміз тек қана сазгер емес, ақындық өнері бар. Онымен шектелмей пәлсапалық филосовтығы тағы да бар.