Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда уәде етілген 20-дан астам фельдшерлік пункт салынбауы мүмкін

Қарағандыда уәде етілген 20-дан астам фельдшерлік пункт салынбауы мүмкін. Бұл туралы «АМАНАТ» партиясының депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысында айтылды. Шенеуніктер нысандарды салуға және қаржыландыруға қажетті құжаттарды дайындап үлгермеген. Бұл мәселені партия бақылауына алып, қадағаламақ.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің биылғы көрсеткіштік межелерді толығымен орындау мүмкіндігі бар, мүмкіндігі жоқ шаралар талқыланды. Нақты шаралар қабылданады деп есептеймін. Біз уәде бердік. Енді сонын межесіне шығуымыз керек.

Өңірде бір миллион гектардан астам пайдаланылмаған жер бар. Оны партиялықтар "Жер аманаты" бағдарламасы арқылы анықтаған. Қазір оның 300 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді оларды шаруаларға үлестіреді. Әділ бөлінуін жауаптылардың өзі қадағалайды. 

Арман ЛЯМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жер аманаты бағдарламасының мақсаты - жерді дұрыс пайдалану. Пайдалы іске жарату. Бос жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарып, шын мұқтаждарға әділ бөлу.