Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақстан мен Қытай серіктестігінің келешегі зор», - сарапшы

«Қазақстан мен Қытай серіктестігінің келешегі зор». Қытайтанушы Әділ Наукенов осылай деп пікір білдірді. Сөзінше, қазіргі таңда әлемдік өсімнің басты драйверлері Азияда шоғырланған. Сондықтан бұл форумның әлемдік процестерге ықпалы зор. Сарапшының айтуынша, еліміз, ең алдымен, көлік-логистика саласындағы мүмкіндіктеріне байланысты басқа мемлекеттердің назарын аударта алды деді.

Әділ НАУКЕНОВ, ҚСЗИ БАС САРАПШЫСЫ, ҚЫТАЙТАНУШЫ:

Бүгінде Қытай экономикасы бойынша Азия ғана емес, әлемдегі жетекші мемлекет десек болады. Екі ел арасындағы байланыс нығая түседі. Еліміз Орталық Азия мен Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы көпір болып отыр. Форумның пленарлық сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономика және инвестиция тартуға қатысты ұстанымын ұсынып, біздің мықты тұстарымызды атап өтті.

"Қытайда өткен форум азия елдерінің өзара түсіністік пен идеялар алаңының негізгі алғышарты болып табылады". Саясаттанушы Олжас Бейсенбаевтың да пікірі осы. Ол форумды елдер арасындағы сауда-экономика, көлік-транзит ынтымақтастығын арттыруда таптырмас алаң деп бағалады.

Олжас БЕЙСЕНБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Қытай біздің қасымызда тұрған өте үлкен алпауыт. Ол мына цифрлық платформалар, байду басқада, былтырғы жылы өнімдердң шығару туралы келістік. Сондықтан бұл форум негізінде мемлекет деңгейіндегі үлкен шешеімдерге, келісімдерге қол қойылмасада бұл соның алғышарты өзара түстіністікті қалыптастыру.