Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында жолда көкпар ойнағандар жазаланды

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2024
  • 790

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотында көкпар ұйымдастырған 2 азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

24 наурызда сағат 00:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы Алматы көшесінде айыпталушылар 20-ға жуық шабандоздың қатысуымен көкпар ойынын ұйымдастырған. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар автокөліктердің қозғалысына кедергі келтірген.

2024 жылғы 26 наурыздағы сот қаулысымен құқықбұзушылар Қ. және М. ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оларға 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.