Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда қарғын су үйлерге кіре бастады

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2024
  • 317

Петропавлда қардың күрт еруінен қарғын су жеке тұрғын үйлерге кіріп жатыр. Өткен тәулікте облыс орталығының 109 – бірыңғай байланыс орталығына көмек сұраған 119 хабарлама түскен. 

Үйлеріне су кірген тұрғындар бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Мәселен Петропавлдағы Перминов көшесіндегі үйге су екі сағат ішінде кірген.