Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараз тұрғыны әпкесінің атына жасырын үш несие рәсімдеген

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2024
  • 538

Тараз қаласының тұрғыны әпкесінің атына жасырын үш несие рәсімдеп жіберген

Тараз қаласының полициясына өз атында несие тұрғанын көріп, интернет-алаяқтардың құрбаны болдым деп ойлаған жергілікті тұрғын шағымданды.

Арызында ол ешқандай несие алмағанын көрсеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бірнеше ай ішінде әйелдің інісі өзінің телефонына әпкесінің атынан банктің мобильді қосымшасын орнатып алып, жалпы сомасы 1 782 480 теңге көлемінде үш рет ақшалай несие рәсімдегенін анықтады.

Жәбірленуші өз атында несиелердің бар екенін мүгедектігі үшін алатын зейнетақысынан ақшалай қаражат ұсталған кезде білген. Полиция қызметкерлері алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.