Русский Сайттың толық нұсқасы

Құлаққапты үздіксіз тағу есту қабілетінен біржола айыруы мүмкін

Қытайда екі жыл бойы құлаққаппен ұйықтауды әдетке айналдырған әйел есту қабілетінен айырылды. Науқастың сол құлағында неврологиялық есту қабілетінің зақымдануы байқалған. Дәрігерлер енді есту аппаратын киюге мәжбүр екенін айтып отыр. Бізде де құлаққаппен ұйықтап, сонымен оянатындар жетерлік. Оның қаншалықты зиян екенін жұрт біле ме? Тілшіміз тарқатады.

Арай ҚАНАТҚЫЗЫ ТІЛШІ:

-Кешірім өтінемін.
-Кешіріңіз, бір зат сұрайын деп едім.
Естімейді... Барлығы құлаққап тағып алған.... Бұл қазір таңғаларлық жағдай емес. Екінің бірі деуге болатын шығар, көбісі көшеде осылай жүреді. Аудио кітап, әуен тыңдаймыз, фильмдер көреміз. Бірақ оның зиянына мән беріп жатқан ешкім жоқ....
Өзін меломан санап, ұдайы құлаққаппен әуен тыңдаған қала тұрғыны Назгүл соңғы бірнеше айдың көлемінде құлағымның естуі нашарлады деп шағымданады. Дәрігердің тексерісінен кейін, сол құлағындағы дабыл жарғағының зақымдалғаны анықталыпты.

Назгүл ҚҰРМАНҒАЗЫҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 Бірнеше ай болып қалды. 2-3ай. Сол құлағымда вакуум бар. Дұрыс естімейді, алыстан естіледі құлағыма. Негізгі проблема біз наушник көп қолданамыз ғой, осылардың кесірінен қазір құлағымның есту қабілеті төмен.

Жастар арасында құлаққаптың қазір 4 түрі танымал. Құлаққа үстеме, сыртқы, ішкі және сымсыз дыбыс беретін құлаққаптар. Онан келетін зиян тек есту қабілетіне емес, одан бөлек бет терісіндегі акненің шығуына, мидағы рак клеткаларын оятуға және миокард инфарктына әкелетін көрінеді. Бірақ, жастар бұны тәуелділікке айналдырған. Зиянын біле тұра жиі қолданамыз,- дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Құлақ жағынан бітелу көп басталды. Дызылдаған дауыстар естіле бастады. Алыстан көбіне естімей қала бастадым.
- Қаттырақ естімеймін, бірақ қолданамын.
- Дауыстарды анық естімеймін. Оның үстіне қышиды, бірақ құлаққап күндіз-түні тағамын.
- Көп қолданамын. Күніне 2-3 сағаттай. Или даже 4 сағат. Өйткені мен өлең тыңдаймын, сериалдар көремін. Зияны көп, бірақ амал жоқтан тағамыз.

Мамандар сыбырлаған дыбысты 20 децибеллге бағалайды. 30 - қалыпты. Айқайдың өзі 60 децибеллге тең. Зиянсыз шу деңгейі 80-ге дейін ғана. Ал бұлардан артық дыбысты дәрігерлер нормадан жоғары деп санайды. Енді ойланып көріңіз, құлаққап арқылы берілетін дыбыс кемінде 120-130 децибелл болады. Сондықтан құлаққаптағы дыбыс деңгейін бақылау өте маңызды.

Серік НҰРИДИНҰЛЫ, ДӘРІГЕР-ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГ:

Бір реттік болса, ол аз уақытқа ғана қорғаныстық қызметін атқара алады. Яғни айталық, 100-120 децибеллдық дыбыс сізге келіп тұр. Ол 10-15 минут болуы мүмкін, сіздің нерв жүйеңіз, құлағыңыз соған қарсы төтеп бере алады. Ал егерде 120 децибеллдық дыбыс сізге үнемі тоқтатпай 1 сағаттық көлемінде және ол қайталана беретін болса бірнеше күн, апта бойына, жыл бойына, ол кезде сізде айтарлықтай дәрежеде естудің төмендеуіне немесе тіпті, жоғалуына да алып келуі мүмкін.

Есту аппараттарын көп қолданатын немесе құлаққапты бірнеше сағат бойы тағатын адамдар, мысалы, байланыс орталықтарының қызметкерлері үшін бұл өте қауіпті. Елімізде неврологиялық есту қабілетінен айрылып жатқан пациенттердің кемінде 20 пайызы құлаққаптың салдарынан болатын көрінеді. Сол себепті дәрігерлер күніне жарты сағаттан екі мәрте ғана пайдаланған дұрыс деп санайды.