Астана іргесіндегі Қосшы қаласында арнайы штаб құрылды. Жағдай толық бақылауға алынған. Тұрғындардың шағымы дер кезінде қаралуда. Қарғын суды тазартуға арналған 50 ден астам техника, 63 қызметкер жұмылдырылған. Бүгінге дейін 171 мың мың текше метр қар шығарылған.
Әсет МҰҚАНОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Биыл жауын-шашын өткен жылға қарағанда екі есе көп түсті. Дегенмен біз су тасқынына қарсы жұмысты қаңтар-ақпанда қолға алдық, яғни қаладағы қарды шығару жұмыстары жүргізілді. Қаланың өз полигоны бар, қыс бойы екі мезгілде қар шығарылып тұрды. Эвакуациялау пунктері де дайын тұр.