«AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтті. Жиынға қатысушылар тарихи тұлғаларға баға беру ісінде әділдік орнату, қазіргі зиялы қауым өкілдерінің ықпалын арттыру және партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеріп, елдегі зиялы қауым өкілдерін ауызбіршілікке шақырды. Президент өз сөзінде «Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет» деген болатын. «Miras» кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысы көтерген осы көкейкесті бастаманың көш басында болып, ұлтты ұйыстыруға, елді біріктіруге өз үлесін қосуға әркез дайын екендерін білдірді.
Аманжол ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:
Мемлекет басшысының мына тарихи тұлғаларға деген әділетті көзқарасы, оларды бір-бірімен жағаластырмай, бірін көтеріп, бірін қараламай, мына бүгінгі ұрпақтың жүрегіндегі, ұрпақтың санасында сол тарихи тұлғаларға деген бір әділетті бағалау танымы қалыптасуы үшін. Бүгінгі таңдағы кемшін дүниелеріміз осы кеңестің бүгінгі отырысында талқыланып, ой-ортаға салынды.