Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетауда көпқабатты үйдің подъезі өртеніп, 80 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2024
  • 328

30 наурызда Көкшетауда Баймұқанов көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйдің подъезінде өрт шығып, 80 адамды эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрттің және одан кейінгі эвакуацияның себебі - бірінші қабаттағы подъездің ағаш терезе жақтауларының отқа орануы.

Эвакуация жұмысымен өрт сөндірушілер мен полиция айналысты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

25 шаршы метр аумақты алған өрт сағат 07:55-те сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.