Русский Сайттың толық нұсқасы

11 жасар баланы өлтіруге өгей шешесі тапсырыс берген - ІІД

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2017
  • 3827

Сабақтан оралмаған 11 жастағы Өркен Азаматұлын азаптап өлтіргендер ұсталды. Күдікке іліккен 5 адамның ішінде баланың өгей шешесі мен оның ұлы мен қызы да бар. Полицейлердің дерегінше, бейбақ бала кек алудың құрбаны болған. Жаға ұстатарлық оқиғанының мән-жайын Ришат Асқарбекұлы білді.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Қаладағы №67 мектептің 6-шы сыныбында оқып жүрген Өркен бейсенбі күні әдеттегідей түсте сабақтан шыққан. Күдіктілер оны мектептің алдынан көлікке отырғызып алған. Күтіп алған адамдарды бұрын танығандықтан, оқушы алаңсыз олармен еріп кеткен болуы мүмкін. Полицияның дерегінше, баланы Наурызбай батыр ауданындағы «Абай саяжайлары» аумағындағы үйлердің біріне апарған. Қаніпезерлер Өркенді сол жерде азаптап өлтірген.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Сот медициналық сараптама көрсеткендей, дәл бірнеше сағаттан кейін баланы өлтіреді. Бұл жауыздар тұншықтырып және денесінен бірнеше жарақат салып, пышақ жарақаттарын салып өлтіреді. Ал қылмыстың ізін суыту үшін оның денесін сол жақтағы үйдің төменгі қабатында көміп тастайды.

Оқушыны үйге оралмаған соң, әжесі іздей бастайды. Полиция сол күні жақын маңдағы компьютер клубтары мен ойын-сауық орындарын да тексеріп шыққан. Алайда арада екі күн өткенде қылмыстық пиғылды оның өгей шешесі ойластырғаны анықталды. Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде құрықталған 37 жастағы әйел бәрін жайып салыпты. Ол Өркенді өлтіруге өзінің туған қызы мен баласын және оның жолдастарын жалдаған. Бүгін бұл қаралы хабарды естіген мектеп ұжымы да Өркеннің фотосуретін мектептің кіреберісіне орналастырыпты.

Бейбітгүл Демеуова, Алматы қаласындағы №67 мектептің дирекоры:

Мінезі жайдарлы, сабырлы, себепсіз сабақ қалдыратын, себепсіз сабақтан кетіп қалатыны бірде-бір тіркелген жоқ бізде. Ата-ананың өзінің өтініші бойынша бізде ата-аналар 1 менен 5-ші сыныптың арасында алып келіп, алып кетеді. Ал 6-шы сыныптардың кейбір үйлері алыс болған ата-аналар, өзіміз алып келіп, алып кетеміз деп қолхат жазып береді.

Мектеп директорының ақпараты бойынша, бала әкесі мен әжесінің тәрбиесінде болған. Ал оқушының туған анасы бөлек тұрған.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Полиция күдіктілердің үшеуін Шымкентке кетіп бар жатқан жерінен құрықтаған. Ал көлік жүргізушісі қылмысты біле тұра жасырғаны үшін жазаланады. Ал тапсырыс беруші өз балаларына осы қылмысты жасау үшін 100 мың теңге ақы төлеген. Полицияға берген түсініктемесінде ол қылмысты күйеуі мен енесінен кек алу мақсатында істегенін айтқан. Күдіктілердің қылмыстары дәлелденсе, 20 жылға дейін жаза арқаламақ.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ