Русский Сайттың толық нұсқасы

Бигелді Ғабдуллин бостандыққа шығуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2017
  • 2581

Белгілі журналист Бигелді Ғабдуллин бостандыққа шығуы мүмкін. Прокурор оны 5 жылға бас бостандығынан шектеуді сұрады. Бұл туралы сот жарыссөзінде белгілі болды. Жабық есік жағдайында өткен отырыста прокурор Бигелді Ғабдуллиннің істеген істеріне өкініп отырғанын және кәмелет жасқа толмаған екі баласы бар екенін ескергенін айтты. Іске соңғы нүкте ертең Астана қаласының әскери сотында қойылады.

"CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" басылымдарының бас редакторы мемлекеттік органдардан қаржы бопсалады деп ұсталған еді. Тергеу кезінде ол кінәсін толық мойындап, келтірген шығындардың орнын толтырған. Ол істеген ісіне өкінетінін айтып, бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ