Русский Сайттың толық нұсқасы

Тіркеуге тұрмағандарға наурыз айынан бастап айыппұл салынады

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2017
  • 1935

Уақытша тіркеуі жоқ азаматтарға айыппұл наурыз айынан бастап салына бастайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрлігі көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов мәлімдеді. Қазірде әр азамат уақытша тіркеуге тұруға міндетті. Алайда заңнаманың кей тармақтары әлі талқылау үстінде. Сондықтан осы уақытқа дейін тіркеуге тұрмаған азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе «электронды үкімет» порталында тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеле алады.

Серік Сайынов, ҚР ІІМ көші-қон полициясы департаментінің басшысы:

Учаскелік инспектор келген кезде адамдар нақты тұрып жатқан пәтерде уақытша тіркелгендігін дәлелдеуге тырыспауы керек. Инспектор құжатыңызды сұрап, ондағы деректерді жазып алуға ғана құқылы. Ол ақпараттық жүйе арқылы жұмыс орнында қажет мәліметтерді тексере алады.