Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдің 22 өңірін су басты

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2024
  • 810

Ресейдің Алтай өлкесін су басып, табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды  24KZ.

90 үй мен 600 жер телімі бүлінген. 10-ға жуық тасжол жабылды. Алтай өлкесінен бөлек, көрші елдің тағы 20-дан аса өңірінде көктемгі тасқынға қатысты жағдай қиын. Орынбор облысында ондаған үй су астында қалды.

Бұдан бөлек, Саратов облысында да биыл қардың көп түсуінен апатты жағдай қалыптасқан. Қоймалардағы су деңгейі қалыпты межеден 126%-ке жоғары боп тұр. Новосібір облысында жолдарды су шайып кеткен.