Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында кісі өлтірмек болған төрт ер адам тұтқындалды

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2024
  • 578

Қарағанды облысында кісі өлтіруге оқталғаны үшін төрт күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі Полиция департаментінің 1 сәуірдегі мәліметіне сай, Ақадыр кентінің тұрғынына қатысты атыс қаруын қолданып кісі өлтіруге оқталу күдігі бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 28-47 жастағы төрт ер адам ұсталды.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде", - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

31 наурызда Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр кентінің медициналық мекемесіне аяғынан атыс жарақатымен жергілікті тұрғын жүгінді. Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.