Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауғанстанда ұсталған содыр қазақстандық болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2017
  • 2809

Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда ұсталған қазақстандық содыр туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Мұны министрліктің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов айтты. Бұған дейін «e-islam.kz» «Хамма Пресс» басылымына сілтеме жасап, Ауғанстанның Сари-Пуль провинциясында екі содырдың тұтқындалғанын жазған. Олардың бірі Түркіменстан, екіншісі Қазақстан азаматы деген ақпарат таратты. Террористердің аты-жөні Демир Зенлийов және Абдул Матин. «Хамма Пресс» басылымының жазуынша, олар жанкештілер шабуылын ұйымдастыру мен мина орнату жөніндегі сарапшылар екен. Екеуі де ауған содырларына көмектесу үшін Қазақстан мен Түрікменстаннан келген деседі.