Русский Сайттың толық нұсқасы

"Тұрғындарға қауіп жоқ",-әкім

Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті жарылып, сол маңдағы ауылдың тұрғындары эвакуацияланды. Кішкене саңылаудан пайда болған жарықтың ені 5-6 метрге жеткен. Дегенмен, жағдай тез арада қалыпқа келді. Қазір қауіп жоқ дейді жауаптылар.

Элеонора ЫБЫРАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Әдетте суға толып тұратын Ворошилов су қоймасында қазір қара лай мен балшық қана қалған. Ал мұнда өсірілген 40 тонна балық бөгет жарылғанда сумен бірге ағып кетеді. Бұл жерді 7 жылдан бері жалға алған кәсіпкер енді шығындарымды кім өтемек дейді.

Любовь ПЕТРОВА, КӘСІПКЕР:

Бізге көмектесетін шығар деп ойлаймын. Қазіргі уақытта өзіміздің де жағдайымыз керемет емес еді. Оның үстіне қысқы мезгілде балық ойдағыдан аз шықты. Қазір біз тек балықпен өмір сүреміз десек те болады. Жұмысшыларға жалақы беруіміз де қажет. Тығырыққа тіреліп тұрмыз. Судың деңгейі көтерілген жоқ. Біз су өлшейтін құралмен үнемі өлшеп тексеріп отырдық.

Жармұхамет өзеніндегі бөгеттің сыйымдылығы -1млн 360 мың текше метр. Төтенше жағдай болған кезде сол маңайдағы ауылдарға бірден хабарланып, эвуакуациялық орындар дайындалды. 30 шақты адам қауіпсіз жерде түнеп шыққан. Тұрғындар түнімен жанын шүберекке түйіп, ұйықтамағандарын айтады. Дегенмен, абырой болғанда, үйлерді су басу жағдайы болған жоқ.

Мұрат АРЫНШАҰЛЫ, БАЙКЕНТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өзім Құдай сақтасын...қорқып... Енді былай ойға келеді, если что үйде жеті бала-шаға бар, машина дайын тұрсын, бір жаққа кетеміз бе деген...

250 тонна инертті материал жане 3000 капшык құммен жағаның қорғанысы нығайтылды. Бұл жұмыстарға 300-ге жуык кызметкер мен 70-ке жуык техника жұмылдырылған. Әсіерилер мен тұрғындар да атсалысты.

Асқар ТАЙЛАҚОВ, 2466 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Су көтерілгені осы жердегі Қараой тұрғындарына да біліне бастады. Содан бастап, кешкі алтыдан бастап жұмылдырылдық. 2466-ның әскери қызметшілерінің арқасында және де осы Қараой тұрғындарының арқасында осы судың қарқынын тоқтаттық. Және Қараойдың көпірін аман-есен алып қалдық.

Асхат НҮСІПБАЙҰЛЫ, БАЙКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Жылына ирригация тарапынан да біз де өзіміз үнемі бақылауда ұстап отырамыз. Қайта-қайта звондап, көктем, күз мезгілдерінде ылғи келіп, бақылауда ұстап, ақпараттың бәрін қарап отырамыз. Бұл жерде енді судың жоғары емес, төменгі деңгейінен жарылған. Енді оған өзінің уақыты да келген шығар. 1910 жылдан бері тұр, күрделі жөндеу жұмыстар бұл жерге әлі жүргізілмеген.

Әкімнің айтуынша, енді тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ.