Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда теракт жасамақ болған азамат ұсталды

Ақтауда теракт жасамақ болған азамат ұсталды. Күдіктіні тәркілеу барысында жарылғыш заттар алынды. Сондай-ақ оның тұрғылықты жерін тінту кезінде зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер табылды. Күдікті - бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикалды діни идеологияны ұстанушы. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.