Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Ол Президентке Қарулы Күштерді заманауи техникамен және қару-жарақпен жарақтандыру, аумақтық қорғаныс әскерлерін күшейту, әскери инфрақұрылымды жетілдіруге қатысты мәлімет берді. Биылға жоспарланған оқу-жаттығу жиындары, оның ішінде халықаралық деңгейдегі іс-шаралар жайын айтты. Көктемгі мерзімді әскерге шақыру, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстар баяндалды.