Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысының әкімдігі 12,8 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2017
  • 2289

Алматы облысының әкімдігі мемлекет бюджетінен бөлінген 12,8 миллиард теңгені тиімсіз жұмсаған. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп коммитетінің қортындысында белгілі болды. 2015 жыл мен 2016 жылдың тоғыз айы аралығында Алматы облысына 38,9 млрд теңге бөлген. Тексеріс жүргізілген 21 объектіде 17,4 млрд теңгені құрайтын қаржылық бұзушылық тіркелді. Сондай-ақ жалпы құны 27,5 миллиард теңгені құрайтын 54 процессуалдық бұзушылық анықталған.

Талғат Жақан, ҚР Қаржы министрлігі есеп комитетінің мүшесі:

Облыс әкімдіктеріне қаржылық бақылауды күшейту тапсырылды. Жалпы тексеріс барысында көптеген бұзушылықтар тіркелгендіктен, тиісті органдарға ескерту жасалынды. Қазірде 10,8 миллиард теңге бюджетке қайта қайтарылды.

Ғалымжан Әбдірайымов, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

Алматы облысы әкімдігі барлық көрсетілген кемшіліктер бойынша тиісті іс-шараларды қабылдады. Кемшіліктерді түзеп, қателіктерді жою мақсатында жұмыс жоспары бекітіліп, облыс әкімінің тікелей бақылауына алынды.