Русский Сайттың толық нұсқасы

Банктер су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың несие төлеу мерзімін кейінге шегереді

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2024
  • 1163

Қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін төлеуді кейінге қалдыруды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, екінші деңгейлі банктер су тасқыны кезеңінің зардаптарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған шұғыл мемлекеттік шараларды қолдайтынын жеткізді.

Банктер келесі қолдауды көрсетуге дайын екенін растады:

2024 жылы 1 сәуірден 30 маусымға дейінгі мерзімге жергілікті атқарушы органдардың тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккендерге жатқызылған қарыз алушыларға – жеке тұлғаларға несиені өтеу мерзімін ұзарту қамтамасыз етілсін;

2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусымға дейін су тасқынының теріс әсерінен қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушылардың – жеке тұлғалардың төлемдерін уақтылы орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді;

Су тасқыны салдарынан шаруашылық қызметінің бұзылуына байланысты жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелік міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру қамтамасыз етіледі;

Банкке тиiстi өтiнiштер беру, форс-мажорлық мән-жайлардың туындауын растайтын құжаттарды ұсыну қажеттiлiгiн қоса алғанда, мерзiмдi ұзарту мерзiмiн беру тетіктерін әрбір екінші деңгейдегі банк қарыз алушылардың жоғарыда аталған барлық санаттары үшін дербес белгілейді.