Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Президент палата төрағасына бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді жұмсалуын қатаң бақылауды қамтамасыз ету міндеті жүктелетінін айтты. Сондай-ақ, Әлихан Смайыловтың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі артылған міндетті сапалы орындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.