Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде оқушы еріген қар суына батып кетті

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2024
  • 424

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Белқопа ауылында 10 жастағы бала суға батып кетті.

Оқиға бүгін болған.

Әйтеке би ауданының әкімі Даулетияр Тоғызбаевтың айтуынша, 2014 жылы туған бала Белқопа ауылының жанынан ағып жатқан еріген қар суына түсіп кеткен. Ол балалармен сол маңда ойнап жүрген. Оқушының денесі судан шығарылды.

Айтып өтейік, көктемгі су тасқыны басталған тұста Ақтөбенің Байғанин ауданы Ебейті ауылында 4 жасар бала мерт болды.

Қазіргі кезде аудан әкімдіктері ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.