Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-дағы өзендер қауіпті деңгейден асты

Батыс Қазақстан облысындағы өзендердің деңгейі қауіпті деңгейден асты. Осыған байланысты Оралдың іргесіндегі елдімекендердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Облысқа Ресейден ағып келетін трансшекаралық өзендер қауіп төндіріп отыр. Жайық өзенінің өзі соңғы аптада 4 жарым метрге көтерілген. Ресейлік Ирикла қоймасынан жіберілетін судың мөлшері секундына 790 текше метрге жетті. Су қойманың толуына байланысты көрші елден келетін су көлемі ұлғаюда. Мамандар Жайық өзені биыл қауіпті деңгейге жететінін жасырмайды. Онда қала маңындағы саяжайлар суға кетеді. Ал бұл аумақта 20 мыңға жуық адам тұрады.

Тілеген ШАПАНОВ, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК БҚОФ ДИРЕКТОРЫ:
Жайық өзені Ресейден келіп жететін суға байланысты деңгейі 850 сантиметрге жетеді деп болжап отырмыз. Орал қаласының тұсында су деңгейі 650 сантиметрден асқан жағдайда су Жайық өзенінің жайылмасына шығып, бау-бақша участоктеріне, 1, 2, 3-дачный массивтер және Жайықтың барлық жайылмасындағы бау-бақша серіктестіктеріне қауіп төндіреді.