Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО прокурорлары бизнеске қатысты 29 салық тексерісінің күшін жойды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2024
  • 598

Талдау барысында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын салықтық тексерулерді заңсыз жүргізуде көрсетілген өрескел бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Петропавл қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғалары Кодекс талаптарын бұза отырып, кәсіпкерлерге қатысты белгіленген заңды негіздерсіз 9 салықтық тексеру жүргізген.

Тексерулерді тағайындауға облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің негізсіз тапсырмасы себеп болды.

Осындай заңсыз тексерулер Есіл, Қызылжар, М.Жұмабаев, Шал ақын және Мамлют аудандарының мемлекеттік кіріс органдарында да анықталды.

Қадағалау органының актілері бойынша мемлекеттік кірістің аумақтық органдарының лауазымды адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, 29 салықтық тексеру заңсыз деп танылып, күші жойылды.

Сонымен бірге, облыстық қадағалау органының шаралары бойынша тексеру жүргізу туралы заңсыз тапсырма бергені үшін департаменттің жауапты басшылары сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Нәтижесінде қабылданған қадағалау шаралары облыстағы 29 кәсіпкердің құқығын заңсыз салықтық тексерулерден қорғауға мүмкіндік берді.

Қадағалау органы бизнес субъектілеріне олардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда, олар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ (байланыс нөмірі +7-705-842-73-06) арқылы облыстық прокуратура қызметкеріне тікелей хабарласа алатындықтарын еске салады.