Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана процесі аяқталды

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2017
  • 2146

Бүгін Астана процесі бойынша келіссөздер аяқталып, Түркия, Ресей және Иран қорытынды мәлімдеме жасады. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов үш елдің бірлескен мәлімдемесін жария етті. Оның айтуынша, үш ел үш жақты механизм құру туралы шешім қабылдап, ДАИШ-пен күресін жалғастыратын болды. Мәлімдемеде соғысты тоқтату барысында тараптардың нақты қадамдары мен жауапкершілігі, зорлық-зомбылықты төмендету, сенімді қалпына келтіру, сонымен қатар Сириядағы азаматтық тұлғалардың жүріп-тұруын қорғау қарастырылған.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:


Бiз оппозициялық қарулы топтардың Женевада 8 ақпанда Сирия үкiметi мен оппозициясы арасында өтетiн келiссөздердiң келесi раундына қатысу тiлегiн қолдаймыз. Халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелерiн саяси процестi қолдауға шақырамыз. Бiз сириялық саяси процестi қамтамасыз ету, жаһандық процестерге үлес қосу және 2254 резолюциясын жүзеге асыру үшiн Астана тұғырнамасында белсендi қарым-қатынас жасау туралы шешiм қабылдадық.

Астана процесіне қатысқан сириялық оппозиция кездесудің екінші күнінде қарулы оппозиция ресми мәлімдеме дайындаған болатын. Онда сөзден іске көшіп, Сириядағы соғысты тоқтату керектігі айтылған. Сирия үкіметінің өкілі Башар Джаффари оппозиция өкілдерімен кездесудің оңай болмағанын, алайда қан төгісті тоқтату үшін бітімгершілік жасайтынын айтты. Сириядағы мәселеге қатысты келіссөздер сегізінші ақпанда Женевада жалғасатын болады. 

Саламат ОМАШ