Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 160 мың астам адам қызылшаға қарсы екпе алды

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2024
  • 675

Алматыда өткен жылдан бері қызылшаның 2677 жағдайы тіркелді.

Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

 Қызылшаның 2677 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1608 жағдай (60,1%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 116 (4,3%) және ересектер арасында – 953 (35,6%) Алматыда қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде барлығы 160 396 адам қамтылды,– дейді Әсел Қалықова.