CentralAsiaMonitor-дың
бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллин сот
залынан бостандыққа шықты. Мемлекеттік орган қызметкерлерін бопсалады деп
айыпталған журналист кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығы шектелді. Сот
отырысына қатысқан Айбек Қосан баяндайды.
Айбек
Қосан, тілші:
Осыған
дейін жабық есік жағдайында қаралған істің бүгін нүктесі қойылды. Бигелді
Ғабдуллиннің 5 жылға бас бостандығы шектеліп, пробациялық бақылауға орнатылды.
Ал кепілзаты мен барлық мүлкіне қойылған бұғаттау алынып тасталды.
Бағлан
Ыдырысов, Астана қаласының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының судьясы:
ҚР
ҚК-нің 194-бабы 4-бөлімінің 2 тармағы бойынша кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан
шектелсін. Пробациялық бақылау орнатылсын. Алғашқы үкім тұрғылықты жерден
шықпауға алмастырылсын. Сот залында дереу босатылсын. 10 жылға дейін
мемлекеттік және коммерциялық орындарда басқарушылық қызмет атқаруға тыйым
салынсын.
Ақталушы
20 миллион 625 мың теңге көлемінде келтірген шығынды толығымен өтеген. 61
жастағы журналистке қоластындағы ақпарат көздерін пайдалана отырып,
шенеуніктерден ақша бопсалады деген айып тағылған болатын. Бұл тізімде Жамбыл,
Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері мен Астана қаласы әкімінің орынбасары
және Энергетика министрінің есімі де аталған. Екі жарым ай темір тордың ар
жағында болу мен үшін үлкен сабақ болды,- дейді Ғабдуллин.
Бигелді
Ғабдуллин:
Я
на свободе и тем счастлив. Конечно, тюрьма, где я провел 2,5 месяца, это не
сахар. Для меня это будет большой жизненной школой.
Айбек
Қосан, тілші:
Екі бірдей басымылымды басқарған Ғабдуллин әрі қарай қызметін
жалғастыра ма? Журналист бұл сұрақты жауапсыз қалдырды.
Айбек ҚОСАН